Jullien Dassin
Помощь без выходных:
+996(220)04-49-23 +7 771936-53-53 Ticketon WhatsApp Ticketon telegram

Шыңғыс хан

Шыңғыс  хан  Автор: Р.Отарбаев

Премьера күні, жылы:  18.11.2022ж      18:30  
                                          19.11.2022ж      18:30

Режиссёр: А.Қалыбеков 

Актерлар: Шыңғыс  хан - С.Бигабылов, Шыңғыс ханның жас кезі - Ш.Бейсенов, Көріпкел,дауылпаз - Ж.Самбетова, Сатқын -  Ж. Исмаил, Хабаршы - Б.Күмісбек, Бөрте - Ф.Әбіл, Биші, дауылпаз,гид  - М.Ерметова, Қайырхан - А.Қалдыбеков,Ш Зеберхан

Жанр: 

Ұзақтығы: 60 мин

Жас санаты: 14+

Қосымша: Қойылым  қазақ тілінде өтеді

 

Қойылым Шыңғыс ханның бірталай жасқа келіп, көп нәрсеге көңілі қарайып шау тартқан шағын суреттеуден басталады. Қайран заман-ай, десеңші! Жас кезіндегі ашулы қайраты бүгінде сап-сап сабырға ұласқан. Заманында табалдырықта тұрып тепсінген жауының басын допша домалатқан Темучин... Иә, ашулы қайрат – алмас қылыш екен. Шапса – турайды. Енді қараса қаншама жылдар сусып өте шығыпты. Одан бері де ұлы қаған әлемнің әр түкпірінде ат тұяғын ойнатқан. Астамсыған небір жауының мысын басқан, қияметтің қыл көпірінен өткізген. Айналасына алтын шуақ үйіріліп жүретін мейірімнің де одан кем түспесін кеш аңдады. Тағдырына таупық айтып, тәубеге келгені сосын да шығар.