Первый Музыкальный Пикник
Помощь без выходных:
+996(31)258-65-65 (Бишкек) +996(77)757-17-71

Шолпанның күнәсі

Шолпанның күнәсіӘңгіменің бас кейіпкері Шолпан - әртүрлі сыртқы жағдайлардың және ішкі толқыныстардың нәтижесінде үнемі өзгеріп, дамып отыратын бейне. Шолпан - қасірет жамылған қайғылы әйел. Өзінің бақыты үшін күнделікті өмірін тәрк етіп, тәуекелге бел байлаған қайсар әйел. Шолпан, Сәрсенбай, Әзімбай араларындағы байланыста реалистік шындық, психологиялық сенім жақсы бейнеленген.

Шолпанның күнәсі - Сәрсенбайды шынайы сүйгендігі. Шолпанды күнәлі әрекетке итермелеген оның Сәрсенбайға деген махаббаты еді. Егер де Сәрсенбай Шолпанмен ашылып сөйлесіп, сырласып, жанына жақын тартқанда, мүмкін Шолпан ондай әрекетке бармас еді. Шолпан бала зарын бір өзі тартып, жоқты бір өзі іздеуге мәжбүр болады. Шолпан өзіне-өзі сауал қойып, сол қойылған сауалдарға өзі жауап іздейді. Сәрсенбай Шолпанға: "Мен сенен бала сұрадым ба?", - дейді. Шолпан не үшін Әзімбайды таңдады? Шолпан не себепті Сәрсенбайға іштегі сырын айтпады? Осы сынды сауалдарға жауап іздеу барысында біз Шолпанды күнәлі әрекетке итермелеген Сәрсенбай екендігіне көз жеткіземіз.