Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей
Помощь без выходных:
+996(220)04-49-23 +7 771936-53-53 Ticketon WhatsApp Ticketon telegram

Серік Сейітман

Серік Сейітман

Көпшілікке қоңыр үні мен орамды ой, салиқалы сөзі арқылы етене таныс Серік Сейітман – Қазақ радиосы тарихында 100-ге жуық ірі Ұлттық радиожобаны өмірге әкелді, 1000-ға тарта радиохабар жасады.

Радиожурналистиканың алдыңғы шептегі жауынгері болып қана қоймай, өлеңсүйер оқырманын да жақсы жырларымен көзайым етіп келеді. «Қырсық қызға қолтаңба», «Қазақтың қаны», «Қарашаңырақ», «Домбыра» атты кітаптары мемлекеттің қолдауымен жарық көрді.

Сондай-ақ, Серік Сейітманның өлеңіне жазылған 70-ке жуық музыкалық шығарма халыққа кең тарап, ел аузында жүр. Олар: Нұрлан Өнербаев «Сенім керек», «МузАРТ» тобы «Әдемі», «Жігіттер» квартеті «Кешір, жаным», Бағлан Әбдірайымов «Бағала», Бауыржан Исаев «Өмірге өкпем жоқ», Жұбаныш Жексенұлы «Жігіттер», Ибрагим Ескендір «Оян, қазақ», Ұлту Қабаева «Кешкі әуен», Дәрібаевтар ансамблі «Өміріңе немқұрайлы қарама» т.б. Бұл кеште осы әндермен қоса, жаңа туындылар да көпшілік назарына ұсынылмақ.

            Баршаңызды Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Еліміздің ең талантты және патриот жастарына берілетін Республикалық «Жас Тұлпар» сыйлығының лауреаты, ақын Серік Сейітманның "Қарашаңырақ" атты ән-жыр кешіне шақырамыз!

            Есті ән мен есерсіз жырдан естен кетпес әсерге бөленіп, рухани мөлдір бұлақтан шөл қандырғыңыз келсе, 14 мамыр, 19:00-де Бейбітшілік және келісім сарайын бетке алыңыз!

            Бас ақпараттық демеушіміз «Хабар» агенттігі.

***

Домбыраның пернесінде ән ғажап,

Домбыраның шанағында зарлы азап.

Қазақ болып қалды мәңгі Домбыра,

Домбыра боп қалса екен-ау Әр Қазақ!

СЕРІК СЕЙІТМАН