Scorpions в Алматы
Помощь без выходных:
+996(220)04-49-23 +7 771936-53-53 Ticketon WhatsApp Ticketon telegram

Пранк - Махаббат

Пранк - МахаббатАвтор: Қ. Жүнісов

Премьера күні: Желтоқсан, 2020 жыл

Режиссёр: Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  «Еңбек даңқы» төс белгісінің иегері

Қоюшы суретші: Ерлан Тұяқов, «Үміт» сыйлығының иегері

Әндер – сөзі: Қанат Жүнісов, әні: Дәурен Серғазин

Аранжировка: Жандәулет Батай, ҚР Мемлекеттік 
Президент стипендиясының иегері, «Еңбек даңқы» төс белгісінің иегері

Жанр: комедия

Қосымша:

 

Ғашық болудың бәрі ғажап емес. Сүйгенің дәл сондай сезіммен жауап бермесе, машақаты да мың-миллион. Ондай жағдайда не істеу керек? Тұла бойын махаббат жалыны шарпыған қос құрдас аяулысының жүрегін жаулай ала ма? «Сезім жолында жан құрбан» деген ғашықтар хикаясының соңы немен аяқталмақ?

Студенттік шақтың қызығы мен шыжығы мол шытырман оқиғаларының куәсі болғыңыз келсе, театрға асығыңыз! Ұтқыр әзіл, әдемі әуен, шытырман оқиғаға құрылған комедия студенттер өмірінің боямасыз болмысын паш етеді.  

Кейіпкерлер:

  • Тұрсынбек /бірінші курс студенті/ - Айсұлтан Жәлиева,Асылбек Әйтіш
  • Дастан /болашақ актер студент/ - Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері «Еңбек даңқы» төс белгісінің иегері, Ақжол Әлижан
  • Ермек /жоғарғы курс студенті/ - Нұрбек Әділбек 
  • Рүстем /жоғарғы курс студенті/ - Әбутәліп Әмре, Алмат Тұрлықожа
  • Жеңіс /декан/ - Әділ Ахметов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Нұрлыбек Төлеген, «Еңбек даңқы» төс белгісінің иегері
  • Ақмақта /комендант/ - Диана Смағұлова, «Еңбек даңқы» төс белгісінің иегері, Ғалия Оразова
  • Айым /студент/ - Айбибі Іскендірова
  • Мәдина /студент/ - Марина Халбият
  • Қымбат /студент/ - Ұлбике Әуелбек, Лаззат Куанышева
  •  Айнұр /1 курс студент/ - Әсем Жорабек
  • Әлия /1 курс студент/ - Жанель Рыскелдинова
  • Аяулым /1 курс студент/ - Саида Максумова, ҚР Президент стипендиясының иегері