Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей
Помощь без выходных:
+996(220)04-49-23 +7 771936-53-53 Ticketon WhatsApp Ticketon telegram

Күйеуіңізді сатынызшы

Бұл комедия бүгінгі күннің тақырыбына арналған. Көтерген әлеуметтік мәселесі отбасындағы ерлі-зайыптылардың күйкі тіршілігі мен өмірге тереңдеп мән бермейтін шолақ ойлы, жеңіл жүрісті жастардың көзқарасы баяндалады.

Оқиға желісі жеңіл болып көрінгенімен астарлап ойлаған жанға айтары мен тәлім-тәрбиелік мәні зор. Көншілік қауымға арналған. Әсіресе, өмірге жеңіл қарайтын жастардың болашағына дұрыс жол сілтеп, отбасының бірлігі ерлі-зайыптылардың екеуіне де байланысты екендігін еске салады. Ол үшін махаббат атты құдіретті қадірлеп, сезімді аялап, бір-біріне деген сүйіспеншіліктің алар орыны ерекше екендігін безбендеп, айшықтап береді. Жеңіл сезім, ұшқары ой, үстірт қимыл орға жығып, опа бермейтініне көз жеткізіп, көрерменді күлдіріп отырып ойландырып, тереңге жетелейді.