rebranding
Помощь без выходных:
+996(220)04-49-23 +7 771936-53-53 Ticketon WhatsApp Ticketon telegram

Қара шекпен

Г.Хугаевтің «Қара шекпен» шығармасы қоғамның қай кезде де жанына бататын мәселелерді қозғайтын туынды. Қойылымда  адам баласының опасыздығы, құндылықтарға деген көзқарастың тез құбылуы жануарлар әлемі арқылы беріледі. Жақсы мен жаман, адал мен арам, шындықпен жалған арпалысқан дүниеге иттің көзімен, жылу іздеген жанталасымен баға беріледі.

«Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын...» Бұл қойылым адамдық пен надандықтың арасы бір-ақ қарыс екенін айқындап береді, әрі сол бір қарыс үзіктің арасында қаншалықты терең пәлсапа жатқанына көзімізді жеткізеді. Бір иттің тағдыры, бір адамның айнымалы мінезі тұтас адамзаттың болмысын сипаттайды.  Жаратқан ерекше сана берген пенде адамгершіліктен аттап кету әп-сәтте екенін жиі естен шығарады.

Ойланбайды... ойланбаймыз...

Қоюшы-суретші: Гүлдана Жұрқабаева

Жарық қоюшы: Гауһар-Адай

Балетмейстер: Гүлсая Тәуірханова

Сахна пластикасын қоюшы: Жалынбек Ахан