Jullien Dassin

Ықылас Дүкенұлының 180 жылдығына арналған өнер кеші

Өтетін орны: Астана қ.,«QAZAQSTAN» ОКЗ (Мәңгілік ел, 10/1)

Күні: 29 мамыр 2023 ж.

Басталуы: 19:00

Тұрақ: бар

Ұзақтығы: 80 минут

Қосымша:

 

 

 

 

«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Ұлыларға тағзым» жобасы аясында қазақтың атақты күйші қобызшысы, композитор, қылқобызда ойнаудың асқан дүлдүл шебері Ықылас Дүкенұлының туғанына 180 жыл толуына орай рухани өнер кешін өткізеді.

Ы.Дүкенұлы жеті атасынан қобызшылар әулеті атанған Дүкен қобызшының отбасында дүниеге келді. Ол «Кертолғау», «Ерден», «Жалғыз аяқ», «Жарым патша», «Жез киік», «Қамбар-Назым», «Қазан», «Аққу» және т.б. күйлердің авторы. Ықылас ел арасында кеңінен тараған аңыз-әңгімелер, қиял-ғажайып оқиғаларды туындыларына арқау еткен. Сондай-ақ, зерттеушілердің айтуына қарағанда күйші шығармаларында адам мен қоғам және табиғатқа деген азаматтық тұлғасы, адамгершілік үні айқындалады.

Іс-шара барысында Ы.Дүкенұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы ой айтылып, пікір алмасады. Көрермендер назарына күйшінің ең таңдаулы музыкалық шығармалары ұсынылады.

Рухани кеш барысында ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Жанғали Жүзбай, Раушан Оразбаева, Әлқуат Қазақбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі Мақсат Медеубек, белгілі қобызшы, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Ақерке Тәжібаева, танымал қобызшылар Жанқаш Жұмабеков, республикалық байқаулардың лауреаттары Айдос Оңғарбай және Әлібек Бейменде өнер көрсетеді.

Кеш қонақтары: ҚР Көркем Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы Марат Әбсеметов, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Ғалым Жайлыбай.

Айта кетейік, «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы 2022 жылдан бастап «Ұлыларға тағзым» жобасын өткізіп келеді. Аталмыш жоба аясында көрнекті жазушылар Мұхтар Әуезовтің 125, Ғабит Мүсіреповтің 120, талантты композиторлар Ғазиза Жұбанованың 95, Еркеғали Рахмадиевтің 90, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі Күләш Байсейітованың 110, жезтаңдай әнші Роза Бағланованың 100, белгілі қаламгер Ақселеу Сейдімбектің 80 жылдық мерейтойларына орай және дәулескер күйші, композитор, дирижер, халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығын насихаттауға арналалған кештер өтті.

 Рухани кемелденіп, ерекше әсер сыйлайтын әдемі кештен қапы қалмаңыздар! Біз сіздерді күтеміз, құрметті көрермендер!