Тендерге түскен келіншек
Өтетін орыны: Қызылорда қ-сы, Желтоқсан к-сі,1, Н.Бекежанов атындағы облыстық музыкалық драма театры
Автор: Медеу Сәрсеке
Премьера күні: 2013 ж.
Қоюшы режиссёр: Оңтайлап Нұрмаханов
Қоюшы суретші: Серік Пірмахан
Жанр: драма
Ұзақтығы: 90 минут
Жас санаты:
Қосымша:
Бір ғана жағдай кейде күллі дүниенің күл-талқанын шығаруы әбден мүмкін. Айталық, көлік апаты. Сүттей ұйыған отбасы ұл өсіріп, үйлендіріп, немере сүйіп отырған шағында тағдырдың тәлкегіне ұшырарын білді дейсіз бе?
Бір-ақ сәтте... көлігімен зулап келе жатып сол жалғыз ұл кісі қағып кетті. Сынақ: не ата-ана бір тәулікте 100 мың доллар пара беруі керек, не жалғыз ұл темір тордың ар жағынан бір-ақ шығады.
Бір айлыққа қарап отырған қарапайым жандар ондай ақшаны қайдан таппақ? «Тендерге түскен келіншек» деп аталатын шығарманың аты қалай еліктірерлік болса, заты да сондай, яғни қызықты да қиын шытырман оқиғаға толы.