ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Бішкек
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Tarsi оркестрімен бірге Рок симфониясы

Tarsi оркестрімен бірге Рок симфониясы

Сипаттама

ЖАҢА БАҒДАРЛАМА!

«Рока симфониясы» Тарси симфониялық оркестрімен

Сіздерді симфониялық музыка мен рок энергиясын шебер біріктіретін бірегей музыкалық іс-шараға қуана шақырамыз!

Біздің жаңа «Рока симфониясы» концертінде Tarsi оркестрі үшін арнайы жасалған аңызға айналған рок-әндердің керемет симфониялық аранжировкаларына куә боласыздар. Бұл жай ғана концерт емес, бұл нағыз өнер сүйер қауым үшін музыкалық дәуірлер мен стильдер арқылы қанық сезімдерге толы саяхат!

Бұл кеште орындалатын шығармалардың ішінде сіздер келесі топтардың хиттерін тамашалайтын боласыздар:

«Король и Шут» - қуатты симфониялық форматқа қайта өңделген өткір ойлы мәтіндер мен есте қаларлық әуендер әлеміне саяхат.

«Queen» - симфониялық оркестрдің барлық көркемділігін ашатын жаңа аранжировкада ұсынылатын «Show must go on» әнінің энергиясымен қуаттанатын боласыздар.

«The Eagles» - аты аңызға айналған «Hotel California» тобының әрбір аккорд жаңа күшпен және энергиямен орындалатын таңғажайып интерпретациясынан ләззат алыңыздар!

Земфира, Диана Арбенина, ДДТ және Вячеслав Бутусов - орыс рок жарқын өкілдері терең эмоциялар мен ностальгия жылуын сезініңіздер, олардың хиттерін Сіздерге таныс әуендердің жаңа қырын сыйлайтын симфониялық оркестрдің орындауында ұсынамыз!

Виктор Цой - орыс рок аңызы!

Виктор Цойдың әндері ұсынылатын бөлімде Tarsi оркестрі, Pulse Kino трибьют тобы және жаңа солист Дамир Әбілғасымов өнер көрсетеді!

Бұл барлық ұрпақ өкілдерінің жүректерін бір әуенде біріктіретін және сіздерге сүйікті музыкаңызды мүлдем басқаша сезінуге мүмкіндік беретін кеш. Симфонияның жарқын дыбыстары жаныңызды байытсын, ал роктың қуатты ырғақтары жүректеріңізде ән шырқасын!

Кешіміздің солисті - «Жас қанат» қазақстандық жас орындаушылар байқауының финалисті Анель Исина

Жобаның дирижері және көркемдік жетекшісі - Мәдениет саласының үздігі Ерлан Бейсембаев.

Осы ұмытылмас шараның бір бөлігі болу мүмкіндігінен қапы қалмаңыздар!

Достарыңызды жинап, «Рок симфониясына» - нағыз сезімдер мен эмоциялардың симфониясына келіңіздер!

Толық оқыңыз
  • орын

    Астана қ., Республика даңғылы, 34, «Жастар» сарайы

  • Күні

    18 желтоқсан, 2024 ж

  • Басталуы

    19:00

  • Автотұрақ

    Бар

  • Ұзақтығы

    1 сағат 30 минут

  • Жас шектеуі

    5+

  • Қосымша

    5 жастан бастап балалар Билеттерді сатып алуы керек

  • Жанр

    концерт

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 18
    Желтоқсан
    Сәрс
    Дворец «Жастар»
    Зал
    бастап 7000
    бастап 7000