Scorpions в Алматы

Ақан Серінің шығармашылығына арналған өнер кеші

Өтетін орны: Астана қ., «QAZAQSTAN» ОКЗ Камералық залы (Мәңгілік ел, 10/1)

Күні: 24 сәуір 2023 ж.

Басталуы: 19:00

Тұрақ: бар

Ұзақтығы: 80 минут

Қосымша:

 

 

 

 

«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Ұлыларға тағзым» жобасы аясында қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, ақын Ақан сері Қорамсаұлының шығармашылығына арналған рухани өнер кешін өткізеді.

Ақан сері жас кезінен өнерімен көзге түсіп, кейін ақындық, әншілік өнері кемелденген соң алты алашқа аты мәлім сері атанған. Сал-серілік дәстүрді барша сән-салтанатымен ұстанған Ақан сері жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазыны жан серігі еткен. Мұндай өмір-салт оның әншілік-ақындық шабытына тұғыр болып, «Құлагер», «Маңмаңгер», «Көкжендет», «Екі торы ат», «Алайкөк», «Тер қатқан» сияқты тамаша әндердің дүниеге келуіне себепші болған. Сондай-ақ, оның «Көкшетау», «Сырымбет», «Кербез сұлу» деп аталатын әндері туған жерге, өскен елге деген перзенттік махабаттың жарқын айғағы.

Ақан сері - өмір шындығын үлкен суреткерлікпен жырлаған заманының асқақ ақыны ғана емес, мұңшыл да сыршыл, лирикалық тебіреністі сазымен, әншілік-орындаушылық өнерімен танылған өзгеше дарын иесі. Оның композиторлығы ақындығынан кем түспейді. Көкшенің сұлу табиғатына көз тігіп, оны албырт сезімді, әсерлі музыка үніне бөлейді.

Іс-шараға ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Жанғали Жүзбай, Медет Салықов, Клара Төленбаева, Құмарбек Қалқатай, ҚР Мәдениет қайраткерлері Толғанбай Сембаев, Ерболат Шалдыбеков, ҚР Мәдениет саласының үздігі Перизат Тұрарова, халықаралық байқаулардың лауреаттары Дінисламбек Жайлаубай, Біржан Айтахмет, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Асқар Мұқият, Аяулым Қамажан қатысады.

Кеш қонақтары: Қазақстанның халық әртісі Қайрат Байбосынов, филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимов, жазушы, өнер зерттеуші Ерлан Төлеутаев.

Жүргізуші – Жасұлан Наурызбайұлы.

Рухани кемелденіп, ерекше әсер сыйлайтын әдемі кештен қапы қалмаңыздар! Біз сіздерді күтеміз, құрметті көрермендер!