«Love. Fear. Loss», «Азғын періштелер» және «Touch the Light» «ASTANA BALLET» театрында
Сипаттама
Салтанатты кеш бағдарламасында «Love. Fear. Loss», «Азғын періштелер» және «Touch the Light» заманауи балет үлгілері «ASTANA BALLET» театрының төрінде паш етілмек.
«Love. Fear. Loss»
Музыкасы - Наталья Чепуренко өңдеуіндегі Эдит Пиаф, Шарль Дюмон және Жак Брель туындылары
Идеясы, хореография және костюмдер - Рикардо Амаранте
Үш дуэт фразцуз әйгілі әншісі Эдит Пиафтың ерекше өмірі мен таңғалдырарлық музыкасымен көмкерілген. Оның музыкасы әнші өмірінің бейнесін қайталайтын шарайна болмақ. «Махаббат жыры» әні бәрімізге жақын әрі таныс махаббат сезімінің тұңғыш қадамдары, алғашқы сәулелері туралы сыр шертеді. Уақыт өте келе әнші әндерінің көбі қарым-қатынас ұғымында туындайтын қиындықтар туралы кеңірек шырқай бастайды. Бұған мұңға толы «Тастамашы» әні айқын дәлел бола алады. Ал жақын адамыңнан айырылу кезінде нәзік жүректі жаулап алатын ауыр сезімдердің толық бейнесі «Құдайым-ау» әнінде ашылады. Ғашығының күтпеген ажалынан кейін жарық көрген ән шарайна секілді жаралы әншінің терең трагедиясын, керемет махаббат дастанын кенет кескен қайғысын бар қырынан ашып көрсеткендей болды.
«Азғын періштелер»
Музыкасы - Стивен Райх
Хореографиясы - Иржи Килиан
Қойылымы - Стефан Жеромски
Чех хореографы Иржи Килианның «Қара-ақ балеттер» бағдарламасына енген ең танымал туындыларының бірі 30 жылдан астам уақыт бойы әлемнің үздік сахналарында көрсетіліп келеді. Танымал театрлар Килианның спектакльдерін өз репертуарына қосу үшін таласқа түсіп, әрбір биші оның хореографиясын орындауды армандайды.
Иржи Килианның хореографиясы мен Стивен Райхтың барабан композициясының тоғысуының нәтижесінде сегіз балеринаның қанат жайып шарықтауы болмақ. Хореографтың өзі балеті туралы былай дейді: «Falling Angels - бұл біздің мамандығымыз туралы балет». Айта кетерлік жайт, оның жұмысы ерекше әуенділігімен, бір сарынды эстетикасымен және әлемдік деңгейдегі шебер орындауымен ерекшеленеді. Килианның балеті - эмоциялардың ұшқын құйыны: сезімталдық және таңғажайып пластика таңғалдырмай қоймас.
«Touch the Light»
Хореограф және қоюшы-суретші: Илья Живой
Музыкасы: Филип Гласс
Бейнесуретшісі: Покрас Лампас
Костюм суретшісі: Соня Вартанян
Жарық суретшісі: Константин Бинкин
Қоюшы-суретшінің көмекшісі: Алексей Танцырев
«Астана Балет» театрының сахнасында өтіп бара жатқан маусымның жарқын тұсаукесері - заманауи балет әлеміндегі әдеттен тыс пластиканың өнертапқышы Илья Живойның хореографиясындағы «Touch The Light» балеті. Қойылымның басты ерекшелігі - қазіргі заманның ең танымал каллиграфы Покрас Лампастың өнертабысы. Суретші би пластикасын қолмен визуализациялап, ал каллиграфия экранға түсірілді, сонымен бірге оны композитор Филипп Гласстың хореографиясымен және музыкасымен үндестірді.
Touch the Light - бұл музыка, сән, стрит-арт, каллиграфия және неоклассикалық би тоғысқан спектакль, онда 6 биші бар өнерін салып, ішкі нұр, жан туралы және осы әлемде өзін қалай табу керектігі туралы әсерлі әрі батыл оқиғаны сыр шертеді.
«Біздің әрқайсымыздың ішімізде нұр бар, бұл отты бізге ғалам берді - жүректерді дүрліктіретін, тағдырды шешетін және сиқыр жасайтын баға жетпес сыйлық. Кішкентай ұшқын болсын, әлде бәрін жұтатын жалын болсын, онымен бір үйлесімде жанасқың келсе, кедергілердің маңызы жоғалады...»
Өтетін орны
Астана қ., Ұлы Дала даңғылы, 43, Astana Ballet
Күні
31 қазан және 1 қараша 2024 жыл
Басталуы
19:00
Ұзақтығы
бір үзіліспен 1 сағат 30 минут
Жас шектеуі
7+
Қосымша
7 жастан асқан балаларға жеке билет сатып алу қажет, 7 жасқа дейінгі балаларға кіруге тыйым салынады.
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 31ҚазанбүгінAstana BalletЗалбастап 2000 ₸бастап 2000 ₸
- 1ҚарашаертеңAstana BalletЗалбастап 2000 ₸бастап 2000 ₸