Scorpions в Алматы

Қыз Жібек пен Сансызбай

Филармония г. АстаныЛирический эпос «Қыз Жібек пен Сансызбай»

2016 жылдың 14 сәуір күні Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының ұйымдастыруымен, пәк махаббат пен шынайы сезімнің нышанына айналған «Қыз Жібек» эпостық жырының желісі бойынша қойылатын «Қыз Жібек пен Сансызбай» атты музыкалық драма спектаклі өтеді.

«Қыз Жібек» жыры — қазақтың лиро-эпостық шығармаларының ішіндегі сұлуы да сырлысы, тұғырлысы да тартымдысы. Халықтың ұтқыр қалауы мен ұшқыр қиялының мәңгілік махаббат тақырыбына сөзден сомдап қойған ғажайып, ғаламат ескерткіші. Бұл қойылымда қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрді көрсету, әмеңгерлік салтты ұстанған ата- баба дәстүрі қойылымның басты ерекшелігі.

Қойылымда Астана қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақ халық аспаптр оркестрі. Көркемдік жетекшісі және бас дирижеры: ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Айтқали Жайымов.
«Шалқыма» халық би ансамблі. Көркемдік жетекшісі: Мәдениет қайраткері: Абдрасул Есекеев.
Мәтінді оқитындар: Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Нұрай Танабаев, Маржан Мырзабекова, Мемлекеттік Дарын Жастар сыйлығының иегері Нұрбол Балапанов.

Сонымен қатар, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов, Халықаралық конкурстардың лауреаттары Жақсыгелді Маясаров өнер көрсетеді.

Біздің концертті тамашалауға келіңіздер, көріңіздер!