Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей

Гала-концерт «Нұр аға»

Филармония г. Астана2016 жылдың 1 сәуір күні Конгресс холл сарайында Қазақ елінің біртуар перзенті, халқымыздың мәдениеті, музыка өнерінде композитор, дирижер ретінде өшпес із қалдырған,  дәулескер күйші Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығынан «Нұр аға» атты гала- концертіне шақырамыз.

Нұрғиса Тлендиев көзінің тірісінде-ақ қазақ музыкасының сайыпқыраны атанған еді. Оның талай сазы тыңдарманның жүрегінен орын тауып, қазақ киносын әсем әуенмен әрлеген болатын. Оның 500 ден астам музыкалық төл туындылардың авторы. Тлендіұлы Нұрғиса қазақтың музыкалық мәдениетіндегі сал серілік дәстүрдің соңғы тұяғы. Оның «Аққу», «Аңсау», «Арман», «Көш керуен», «Махамбет», «Саржайлау» сияқты  әндері мен күйлері халқының сүйіп тыңдайтын рухани қазынасына айналған.

Концертте өнер көрсететіндер:

КСРО халықт әртісі, Социалистік еңбек ері, мемлекеттік сыйлықтың иегері, академик, профессор Бибігүл Төлегенова
ҚР халық әртісі: Нұрғали Нүсіпжанов
ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері:  Айгүл Үлкенбаева, Алтынай Жорабаева, Айгүл Қосанова, Азамат Жылтыркөзов, Бибігүл Жанұзақ
Қазақстан Жасар одағы сыйлығының иегері: Нұрғали Тұрлыбеков
Республикалық және Халықаралық конкурстардың лауреаттары: Айзада Капонова, Нұрбол Балапанов, Шахризада Тыныштық
Астана қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының Симфониялық оркестрі. Көркемдік жетекшісі: Ернар Нұртазин