Scorpions в Алматы
97 человек за последний час интересовались этим событием.

Жәмила

Купить билеты

Автор: Ш. Айтматов 

Премьера күні: 24, 25 наурыз 2021 ж.

Режиссёр: Ж. Садықов

Жанр: драма

Ұзақтығы: 1 сағ 10 мин. 

Жас санаты: 12+

Қосымша: СПЕКТАКЛЬ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛІНДЕ СИНХРОНДЫ АУДАРМАСЫМЕН ӨТЕДІ

 

 

 

«Адамзаттың Айтматовы» атанған ұлы жазушы Ш.Айтматовтың «Жәмила» повесінің желісі бойынша сахналанған қойылымда мөлдір махаббат пен шынайы сезім көрініс тауып, қайсар Жәмиланың тағдыры бейнеленеді. Ауыр жылдардың жаңғырығы әйел болмысына ойран салып, тағдырын шимайласада да жүрегінің үзілмеген әні үмітіне дем берді. Жәмиланың жаны ақ бұлттан жаралғандай кіршіксіз болса, мейірімі күннен таралғандай сәулелі еді. Табиғаты сыршыл, ақын жанды Жәмиланың сезімі мен сенім биігінде жолыққан Даниярдың махаббаты жарыққа жетеледі. Қараңғылықтан арашалады. Қос ғашық сөздеріне берік, сезімдеріне адал бола білді. Олар таптаурындылықтың қамытын шешіп, жарқын болашаққа қадам басты.