Scorpions в Алматы

Құрманғазы оркестрінің «ГҮЛ-АРУ КӨКТЕМ» концерті

https://ticketon.kz/media/upload/18147u52887_06-03_1.jpg

Өтетін орыны: Алматы қаласы, «Qurmangazy Orkestri» концерттік залы

Өтетін күні: 6 наурыз 2020 ж

Өтетін уақыты: 19:00

Турақ: бар

Жас санаты:

Қосымша:

 

 

 

 

Жер бетіндегі бар тіршілік тіріліп, табиғат-Ана жаңа леппен оянатын гүл-мезгіл Көктемнің алғашқы мерекесі – Халықаралық әйелдер күні.  

Көңілдерге қуаныш, жүректерге жылу ұялататын, мейірім мен махаббаттың, сұлулықтың жаршысы болған осынау мейрамда ерекше күйге бөленіп, жақыныңа қуаныш сыйлаған абзал.  

Осы орайда, Құрманғазы оркестрі барша Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын 6 наурыз күні өтетін «ГҮЛ-АРУ КӨКТЕМ» концертіне шақырады! 

Мерекелік кешке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Асылбек Еңсепов пен Батыржан Мықтыбаев және эстарада жұлдызы Ақылбек Жеменей қатысады. 

Сондай-ақ, Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаттары Армат Исламғалиев, Сатжан Шәменов, Азамат Бекбергенов, Меирман Абдрахманов, Асхат Үрпеков, Ақжол Жүсіп сынды талант иелерінің өнерін тамашалай аласыздар. 

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің бас дирижері – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, ҚР Тұңғыш президент қорының лауреаты АБЫЛАЙ ТІЛЕПБЕРГЕН.  

Билет қайтару шарттары: танысу