Scorpions в Алматы
98 человек за последний час интересовались этим событием.

«Ғасырдан да ұзақ күн»

Ғасырдан да ұзақ күн/ Театр им. К. Куанышбаева

Өтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры (Қ.Қуанышбаев көшесі, 8/1)

Автор: Ш.Айтматов

Режиссер: Халық Қаһарманы Әзірбайжан Мәмбетов

Композитор: Ғазиза Жұбанова

Қоюшы суретші: Дәулет Доспаев

Хореограф : Салтанат Сұңғат

Жанр: драма

Ұзақтығы: 1 сағат 40 мин

Жас ерекшелігі: 12+

Актерлік құрам: Болат Ыбыраев, Бақыт Исабекова, Жанқалдыбек Төленбаев, Гүлбаршын Қылышбай, Ерлан Малаев, Аманжол Молдахмет, Айман Аймағамбет, Сырым Қашқабаев, Самат Байыров, Нұркен Өтеуіл, Айнұр Бермұхамбетова, Қуандық Қыстықбай, Алтынай Нөгербек, Асылбек Қапаев, Ержан Нұрымбет, Мейрам Қайсанов

 

       Бұрынғы майдангер, бүгінгі қарапайым теміржолшы Едіге өзінің досы Қазанғапты соңғы сапарға шығарып салады. Темір жолда 44 жыл талмай еңбек  еткен  досының  тірі кезіндегі аманаты бойынша сүйегін «Ана бейітке» жерлеу керек. Сертке берік Едіге осы аманатты орындау жолында талай кедергілерге жолығады. Дінсіз, ділсіз, қатыгез ұрпақты көріп, Едіге оларды мәңгүртке теңейді. Жуан-жуандар Жоламанды мәңгүрт етсе, бүгінгі қоғам жасаған мәңгүрт кімдер?..