97 человек за последний час интересовались этим событием.

«Туған күн» немесе «Қуған күн»

tugan-kun-nemese-qugan-kun-gastroli-teatr-kuanyshbaevaАвтор: Р. Куни

Премьера күні: 

Режиссёр: Б. Ұзақов

Актерлар: Жасұлан Ерболат, Сая Тоқманғалиева, Олжас Жақыпбек, Инабат Әбенова

Жанр: комедия

Ұзақтығы: 1 сағат 35 минут

Жас санаты:  

Қосымша: 12+

 

 

 

Ағылшын драматургі  Рэй Кунидің бұл пьесасында сүттей ұйып отырған жас отбасының басына түскен қысылтаяң әрі күлкілі бір жайттың жай-жапсары, адам сенгісіз әсері суреттеледі. Банктың жас қызметкері, қарапайым бухгалтер Генри Перкинс ойламаған жерден көп ақша тауып алып, иен-тегін мол байлыққа кенеледі. 

«Ақшаның жұлдызы ыстық», қазақ мәтелінде айтылған бұл шындық комедия кейіпкерлерін бас-аяғы бірер сағаттың ішінде басын айналдырып, шырғалаңға салып жібереді. Ақшаның құдіреті табанда мәлім болады, адам баласының мінез-құлқы мен іс-әрекеті қас қаққанша өзгеріп, жынша құбылып шыға келеріне көрермен қауым куә болады.

Актерлік құрам: Жасұлан Ерболат, Сая Тоқманғалиева, Олжас Жақыпбек, Инабат Әбенова, Асылбек Қапаев, Жанат Оспанов, Нұрсұлтан Есен, Дастан Әлімов, Алтынгүл Серкебаева, Шах-Мұрат Ордабаев, Самат Байыров, Айкөркем Тұранова, Ерсін Айтмұқаш, Ерғұлан Жанпейісов

Қоюшы суретші – Шынар Елембаева

Хореограф – Салтанат Жолымбаева

Билет қайтару шарттары: танысу