Репертуар театра в Актобе

Сылаң қыз

сылаң қызАвторы: Жүсіпбек Аймауытов

Премьера күні: 10.11.2021ж.

Өтетін уақыты: 19:00

Қоюшы режиссері: Дәурен Тойбазаров «ҚР мәдениет саласының үздігі»

Суретшісі: Ахметова Ботагөз

Хореографы: Темербаева Жанна

Жанры: комедия

Ұзақтығы: 1 сағат

Жас көрсеткіші: 12+

Қосымша:

 

«Қымызды кім ішпес?!.

Қызға кім сөз салмас?!.» – бұл тәмсіл баяғының боз баласы мен бойжеткеніне жарасқан жарасымды теңеу.

Бұл қойылым Бәтимаға қыз айттырып, көз сүзген жігіттердің қам - қарекеті арқылы ғашықтық сырын ғана емес, тұтас ұлттың басынан кешкен тағдырын, ғазиз басын малға сатқан қыз тағдырын, дүниеқоңыздық сынды келеңсіздіктерді баяндайды.

Фольклорлық бояуы қанық комедия өнер сүйер көпшілік пен өскелең ұрпақтың көкірегіне ой салады деген ниеттеміз.