Scorpions в Алматы

Концерт «Сал домбыра»

Концерт «Сал домбыра»Өтетін орны: "QAZAQSTAN" ОКЗ (ЦКЗ) камералық залы

Күні: 19 маусым

Уақыты: 17:00

Жанры: дәстүрлі фольклорлық музыка

Ұзақтығы: 90 минут

Жас шектеуі:

Қосымша:

 

 

 

 

 

Құрметті көрермендер!

"Қазақстан "орталық концерт залы Ashyq жобасына қатысатынын хабарлаймыз.

Сізден Ashyq мобильді қосымшасын пайдалануыңызды және театрға барғанға дейін және одан кейін QR-кодтарды сканерлеуіңізді сұраймыз.

Ұлттық домбыра күніне орай Қазақконцерт әртістері ұлттық музыканың үздік әуендерінен құрылған мерекелік  концертті ұсынады.

Концерт бағдарламасына қазақ руханияты мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосып кеткен, биыл мерейтойлары атап өтілетін композиторлар мен ақын-жыраулардың шығармалары енген. Сахнада Кете Жүсіп, М.Мералыұлы, Наурызбек жырау, Жарылғапберді,Ж.Жабаев, Д.Нұрпейісова, Қ.Күржіманұлы Қ.Ахмедияров, Т.Рахимов, Д.Рақышев, Қ.Жапсарбаев І.Жақанов, М.Мақатаев М.Ержанов қалдырған музыкалық туындылар орындалады.

Рухани күш-қуат сыйлайтын концертте көрермен қауым Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Рысқали бастаған «Халық қазынасы» өнер ұжымы әртістерінің өнерін тамашалай алады.