Scorpions в Алматы
97 человек за последний час интересовались этим событием.

Сыған серенадасы

Ән аға – Шәмші аға.  

«Сыған серенадасы» - театр сахнасындағы шоқтығы биік туындылардың бірі. Оның өресі кең, құпиясы ашылмаған. Вальс королі әйгілі Шәмші рухына бағышталған бұл туынды сазгердің тағдырын бейнелейді. Жас Шәмші жаңбырлы күндердің бірінде Сағыныш есімді арумен танысады. Бірақ екеуінің сүйіспеншілікке толы сырлы сезімдері оларды бір арнада тоғыстыра алмайды. Сазгер махаббат пен жалғыздық күйін кешіп жүргенде сығандар тобырына кез болып, Изольда есімді қызға ғашық болады. Олардың арасында бірнеше айлар бойы болған Шәмшіге сыған қызының махаббаты да оянады. Алайда, сыған халқы еркін, көшіп-қонып жүрген ел болғандықтан, қазақ жерінен кететін сәт жетеді. Сол уақытта ғашықтардың қимастықпен қоштасуына тура келеді. Себебі, Шәмші туған жерін, елін тастап, сүйгеніне еріп кете алмайды. Осылайша, қос жүректің махаббатынан дүниеге «Сыған серенадасы» әні келеді. Бұл нәзік сезім мен романтикалық шығарма — кіршіксіз, таза махаббаттың жемісі болды. Спектакль дарынды композитордың әнімен сүйемелденді. Поэтикалық драма желісіндегі арпалыс, сезім машақаты, Шәмшінің өрмінезді өнегесі көрермендерді бейжай қалдырмады.