Расписание кинотеатров актау

Қара шекпен

Осетин драматургі Георгий Хугаевтың пьесасы философиялық ойды қозғайды. Бір отар қойды бағатын қойшыдан басқа кейіпкерлер жануар не аң түрінде көрінеді. Қазақ жеті қазынаның бірі деп санайтын иттің тұқымына жататын Тұзар дейтін төбеттің өзінің қожайнына деген адалдығы таңғалдырады.

Қойшының отарын аң-құстан қызғыштай қоритын Тұзарды тұзаққа іліндіру үшін ормандағы Көкжал қасқыр айналасына Сылаң түлкіні, Қуқар қарғаны, қасқырдың қаншығы Көкшуланды, Қосүрей атты қоянды шақырып алып, күніне қойдың басын мүжіп, қарын мәселесін шешу үшін шопанның төбетін қолға түсіру жоспарын жасайды.

Оқиға аңдар арасында өтіп жатқанымен, адам өмірінен еш айырмашылығы жоқ. Әлдінің әлсізге зорлығы, адалдық пен арамдық, аярлық, достық пен сатқындық, іштарлық сияқты қасиеттердің бәрі күнделікті өмірде әртүрлі жағдайларда адамдардың бойынан көрініс тауып жатады.