Репертуар театра им. Жантурина

«Есіл еркелері»

Өткізу орны: г. Караганда, ул. Костенко, 7, Концертный зал Шалкыма

Күні: 28 ақпан 2023

Басталуы: 19:00

Әртістер: 

Тұрақ: 

Жас шектеуі: 7+

Қосымша:

 

 

     Тылсым сырмен тілдесіп, сұлулықпен үндескен би өнері қазақ халқының асыл  қазынасы. Қазақ биі - халқымыздың ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен, салт-дәстүрімен біте  қайнасып келе жатқан рухани мол мұрасы. Ұлттық биді ұлықтап, нәзік те сырлы  өнермен өрнек салған Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық  филармониясының «Шалқыма» халық би ансамблі ақпан айының 28 күні Қарағанды  қаласының тұрғындары мен шаһар қонақтарына «Есіл еркелері» атты концертін ұсынады.  Кеш аясында саф өнердің саңлақтары Шара Жиенқұлованың, Эльвира Дауытованың,  Зәуірбек Райбаевтың, Тойған Ізімнің, Гүлнар Саитованың, Лариса Кимнің, Айгүл  Күлбекованың, Абдрасул Есекеевтің және т.б талант иелерінің Құрманғазының күйіне  қойылған «Айжан қыз», Н. Тілендиевтің күйіне қойылған «Ата толғау», Марат  Бердіқұловтың шығармасына қойылған «Сағым» сынды көптеген қазақ билерімен қатар  қырғыз, татар, ұйғыр, башқұрт билері көрермен назарына ұсынылады.  

 Концертке «Шалқыма» халық би ансамблі және жеке орындаудағы ансамбль  солистері, сондай-ақ, Мәденит саласының үздігі, дәстүрлі әнші Данияр Мұқан қатысады.  «Шалқыма» халық ансамблі «Құрмет» орденінің иегері, Мәдениет қайраткері және  ансамбльдің көркемдік жетекшісі Абдрасул Нажимадинұлы Есекеевтің жетекшілігімен  2007 жылы құрылған. Ансамбль репертуарында қазақ билерімен қатар, орыс, башқұрт,  кәріс, қытай, тәжік, якут, парсы, испан, армян, түрік, ұйғыр, шығыс, қырғыз және т.б әлем  халықтарының билері бар.  

Халықаралық байқауларда талай мәрте топ жарған ұжым әлемдік руханият  кеңістігінде қазақ өнерін дәріптеп, қарыштатып келеді. 

Танец - драгоценное сокровище казахского народа, его духовное наследие, которое  переплетается с устной литературой, песнями, традициями. За века этот вид искусства  выработал свою систему выразительных приемов. Национальный танец отражает  самобытность нации, ее историю, мировозрение, и хореографические коллективы,  подобные ансамблю народного танца «Шалқыма», становятся частью культурной жизни страны, возрождая, сохраняя, развивая, продвигая и популяризируя народный танец. 

28 февраля ансамбль народного танца «Шалқыма» Государственной академической  филармонии им. Е. Рахмадиева, сделавший значительный вклад в национальный танец, прославивший его своим искусством, представит жителям Караганды и гостям города  концерт «Есіл еркелері». В рамках вечера зритель увидит такие танцевальные композиции,  как «Айжан қыз», поставленную на кюй Курмангазы, «Ата толғау», поставленную на кюй  Н.Тлендиева, «Сагым», поставленную на произведение Марата Бердикулова и другие  хореографические шедевры, созданные в свое время Шарой Жиенкуловой, Эльвирой 

Дауытовой, Заурбеком Райбаевым, Тойган Изым, Гульнарой Саитовой, Ларисой Ким,  Айгуль Кулбековой, Абдрасулом Есекеевым и другими известными постановщиками.  Вместе с казахскими танцами в хореографической палитре будут представлены  кыргызские, татарские, уйгурские, башкирские танцы. 

В программе концерта не только массовые номера ансамбля народного танца  «Шалқыма», свои сольные номера представят и солисты ансамбля. Также перед публикой  выступит отличник культуры, исполнитель традиционных песен Данияр Мукан.  

Народный ансамбль «Шалқыма» создан в 2007 году. С тех пор бессменный  художественный руководитель ансамбля - кавалер ордена «Құрмет», деятель культуры  Абдрасул Нажимадинович Есекеев. В репертуаре ансамбля наряду с казахскими танцами  представлены танцы народов мира - русский, башкирский, корейский, китайский,  таджикский, якутский, персидский, испанский, армянский, турецкий, уйгурский,  восточный, кыргызский и др. 

Коллектив неоднократно представлял Казахстан на международных конкурсах, участвовал в гастрольных турах по десяткам стран, прославляет казахстанское искусство в  мировом духовном пространстве.