Jullien Dassin

Қорғансыздың күні

М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» шығармасының желісі бойынша сахналанған қойылымының негізінде құрдымға кеткен қайғы-мұң, бұлқынып жатқан қайсар күш бар. Екі атты адамның аяңдай жүріп, иесіз далада тұрған панасыз отбасына келіп, тағдыр тауқыметін арқалаған жүдеу үйдегі соқыр әйел, кәрі әже, жас қыздың зарлап калуы кімді болса да тебірентпей қоймайды. Қарапайым адамның ішкі жан сырын терең ұғындырып, бір адамның жүрек лүпілі арқылы күллі жұрттың парасат, зердесін таныта алатын бұл шығармада автор сол заманының шынайы көрінісін, ащы шындығын, тұтас бір қорғансыздар әлемінің мұң-зарын көрсеткен. Бұл тақырып әлі күнге дейін өзектілігін жоғалта қоймағаны сахнада жаңа нұсқада көрініс табады.