ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Астана
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
PIAZZOLLALBERDI

PIAZZOLLALBERDI

Сипаттама

Иньяки Альберди танымал аккордеоншы, педагог, заманауи музыка өнерін белсенді насихаттаушы. Ол аккордеон репертуарын кеңейту әрі насихаттау ісінде нағыз төңкеріс жасап, оны Испаниядағы және әлемдегі үлкен концерт залдарында сұранысқа ие аспапқа айналдырды.

Иньяки Альберди аккордеонда ойнау шеберлігі арқылы екі дәстүрдің басын біріктірді: туған жері Эускадидің фольклорға бай басктар елінің дәстүрі және аккордеонды өз шығармалары үшін мәнерлі, сырлы әрі әмбебап аспап деп таныған заманауи композиторлар тобының дәстүрі.

Орындаушының Қайта өрлеу дәуірінен бастап ХХІ ғасырға дейінгі композиторлар туындыларынан тұратын ауқымды репертуары классикалық музыка үшін көпшілікке танымал әрі авангардтық әуен тамаша үйлесім тапқан жаңа перспективаны білдіреді.

Концерт бағдарламасында аргентиналық композитор, бандонеоншы әрі әрлеуші Астор Пьяццолланың музыкасы «Буэнос-Айрестегі жылдың төрт мезгілі» және басқа да танголары шырқалады. Сонымен қатар аргентиналық авторлар Альберто Гинастера мен Федерико Хусидтің композициялары орындалмақ.

Иньяки Альберди Испаниядан келген ішекті аспаптар квартетімен бірге өнер көрсетеді.

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Иньяки АЛЬБЕРДИ (аккордеон)

Алекс ГАРРОБЕ (гитара)

Энекотис МАРТИНЕС (скрипка)

Гонсало ТЕХАДА (контрабас)

БАҒДАРЛАМА:

Федерико Хусид (1973)

«Есікті ашыңыз!»

Астор Пьяццолла (1921 1992)

Ave Maria

Фугата

Милонга дель Анхель

Tanguedia

ҮЗІЛІС

Альберто Гинастера (1916 1983)

Соната I

Allegro Marcato

Астор Пьяццолла

«Буэнос-Айрестегі жылдың төрт мезгілі»

Жаз / Күз / Көктем / Қыс

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Astana Opera

  • Күні

    7 мамыр, 2024

  • Уақыты

    19:00

  • Ұзақтығы

    1 сағат 15 минут

  • Жас шектеуі

    10+

  • Қосымша

      «Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 7
    Маусым
    Жұм
    Astana Opera
    Камерный зал
    бастап 5000
    бастап 5000